13 желтоқсан 2019 | 12:19

Алдағы демалыс және мереке күндері ауа райы қандай болады?

© Pixabay.com

Синоптиктер алдағы мереке күндері 14-17 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер алдағы мереке күндері 14-17 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа температурасы төмендейді.

Реклама
Реклама

"Республикамыздың солтүстік облыстарында қар мен температураның төмендеуін әкелген арктикалық суық фронт оңтүстік, орталық және шығыс облыстары арқылы Алтайға жылжиды. Оның артынан антициклонның ығысуымен Қазақстанның қалған аймақтарында да температураның төмендеуі күтіледі. Бірақ ол да ұзақ болмайды. Дүйсенбі, 16 желтоқсанда Ресейдің Еуропалық бөлігінен республиканың батыс облыстарына кезекті атмосфералық фронттардың жылжуымен жауын-шашын жауады деп болжанады. Республиканың көптеген облысында байқалған тұман және көктайғақ осы болжам аралығында да сақталады", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная