04 қаңтар 2019 16:10

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

© pixabay.com

Синоптиктер 5-8 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 5-8 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы уақытта күн жылынады.

Реклама
Реклама

"Аязды және жауын-шашынсыз ауа райын анықтайтын Сібір антициклоны әлсіреп, шығысқа қарай шегіне бастайды. Оның орнына Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймағынан және Қара теңізден жылы және дымқыл ауа массалары келеді. Сондықтан республиканың басым бөлігінде ауа температурасының жоғарылауы мүмкін, бірақ атмосфералық фронттар батыстан шығысқа қарай жылжуымен қар, бұрқасын, батыстан соғатын күщті жел, батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ және тұман болуы мүмкін", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram