ПОДЕЛИТЬСЯ
20 наурыз 2019 | 11:35
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 21-25 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 21-25 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жылы ауа райы сақталады.
"Жауын-шашынсыз ауа райына байланысты антициклон біртіндеп әлсіреп, шығыс бағытта жылжиды. Оның орнына Өзбекстан мен Ресейдің Еуропалық бөлігінен келетін атмосфералық фронттардың әсерінен кей уақыттарда жауын-шашын, оңтүстікте жаңбыр күтіледі. Бірақ оңтүстік-батыс тропосфералық ағындарымен күндізгі ауа температурасы республиканың басым облыстарында +3…+10 градусқа дейін, оңтүстікте +13…+18 градусқа дейін жоғарылайды, бұл көпжылдық орташа мәнге жуық және 3…5 градусқа жоғары болады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.
Показать комментарии
Читайте также