ПОДЕЛИТЬСЯ
08 сәуір 2022 | 11:30
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 9, 10 және 11 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 9, 10 және 11 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте, Қазақстан аумағының басым бөлігінде оңтүстік циклон және атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен, тұрақсыз ауа райы сақталады - жаңбыр жауады, республиканың солтүстік-батысында түнгі уақытта қар мен жаңбыр күтіледі.
"Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда, кейде найзағай мен қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстік, шығыс аудандарына солтүстік-батыс антициклон жотасы әсер етеді. Осыған байланысты мұнда жауын-шашынсыз ауа райы және температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі байқалады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также