15 сәуір 2022 | 15:55

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 16, 17, 18 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 16, 17, 18 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы үш тәулікте атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, желдің күшеюі байқалады.

Республиканың батыс бөлігінде солтүстік-батыс антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Реклама
Реклама

"Республиканың батысында ауа температурасы күндіз 12-20 градустан 15-25 градусқа дейін жылы болады. Солтүстік-батыста түнде 0-12 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін төмендейді, солтүстікте ауа температурасы түнде 5-12 градустан 0-5 градусқа дейін төмендейді, оңтүстік-шығыста 5 градус жылы, республиканың орталығында түнде 2-7 градусқа дейін салқындайды, республиканың шығысында түнде 2 градус аяз, күндіз 15 градус жылы, оңтүстікте күндіз 23-32 жылы", - делінген хабарламада.

Қазақстанның оңтүстік-шығысында күндіз 22-30 градустан, таулы аймақтарда 18 градустан 25-32 градусқа дейін жылы болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная