ПОДЕЛИТЬСЯ
11 маусым 2021 | 12:45
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатыны айтылды
Қазақстанда демалыс күндері күн суытады. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 12-14 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда демалыс күндері күн суытады. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 12-14 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтардың айтуынша, Қазақстанның оңтүстік аймақтарында жылы және құрғақ ауа массалары ауа райының ыстық болуына ықпал еткен. Алайда елдің солтүстік жартысына әсер еткен скандинавиялық антициклон енді оңтүстік өңірлерге ойысады.
"Оңтүстік-шығыста термометр бағандары түнде 5...13 градусқа дейін, күндіз 20...28 градусқа дейін төмендейді. Еліміздің кей жерлерінде найзағаймен жаңбыр жауады. 12-13 маусымда оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аудандарында нөсер болады, жекелеген аудандарда дауыл соғып, бұршақ жауады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также