18 маусым 2020 13:43

Алдағы демалыста Бурабай, Қапшағай және Баянауыл туристер үшін жабылады

© Тұрар Қазанғапов

Бурабай, Қапшағай және Баянауыл секілді туристік аймақтар алдағы демалыс күндері, 20-21 маусымда туристер үшін жабық болады. Мұндай шешім ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысында қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Өңірлердің бас санитарлық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруге тыйым салу, ал аталған аймақтардағы адамдарға - әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Одан бөлек, қоғамдық тамақтану орындары тек далада әрі әлеуметтік арақашықтықты сақтап қана жұмыс істеуі тиіс. Екі күнге қоғамдық демалыс орындары: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер қызметі тоқтатылады. 

Шектеу шараларын толығырақ мына жерден көруге болады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram