Алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай және жаңбыр күтіледі. 14–16 маусым аралығына арналған ауа райы болжамы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай және жаңбыр күтіледі. 14–16 маусым аралығына арналған ауа райы болжамы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

14 маусымда елордада құбылмалы бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ болуы мүмкін. Жел түнде солтүстік-батыстан, батыстан 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с, екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +26...+28.

Реклама
Реклама

15 маусымда синоптиктер құбылмалы бұлттыты, кей уақытта жаңбыр мен найзағай болатынын болжайды. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +26...+28.

16 маусымда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +29...+31.

Алматыдағы ауа райы болжамы

14 маусымда Алматыда құбылмалы бұлт шығады, қысқа мерзімді жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай. Жел батыстан шығысқа ауысады, 3–8 м/с, кей уақытта екпіні 18–23 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +29...+31.

15 маусымда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +30...+32.

16 маусымда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +32...+34.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама