Алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 29, 30 сәуір және 1 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 29, 30 сәуір және 1 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

29 сәуір көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз +21...+23 градус.

Жарнама
Жарнама

30 сәуір көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +6...+8 градус, күндіз +24...+26 градус.

1 мамырда көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +9...+11 градус, күндіз +25...+27 градус.

Алматыдағы ауа райы болжамы

29 сәуір көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +24...+26 градус.

30 сәуір көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +9...+11 градус, күндіз +25...+27 градус.

1 мамырда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +27...+29 градус.

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер 28, 29, 30 сәуірде Қазақстан аумағында ауа райы күрт өзгеретінін айтқан болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама