ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қараша 2018 | 12:15
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 6-8 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 6-8 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері жауын-шашын жауып, ауа райы құбылмалы болады.
Республиканың басым облысында жиі жауын-шашын мен тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жауын-шашын, сондай-ақ тұман және көктайғақ Батыс Сібір аймағынан жылжыйтын атмосфералық фронттармен байланысты. 8 қарашада Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында, әсіресе тау бөктері және тау белдеулерінде қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы орташа көпжылдыққа жақын болжанады.
Показать комментарии
Читайте также