24 маусым 2019 | 12:01

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

© gazetaingush.ru

Синоптиктер 2019 жылдың 25-27 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 2019 жылдың 25-27 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Республиканың оңтүстігінде ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, оған Иран аймағынан түсетін жылы ауа себеп болады. Алдағы үш тәулікте күндізгі ауа температурасы 30-35 градус, кей жерлерде 37-40 градус, ал шеткі оңтүстік аймақта ауа температурасы 44 градусқа дейін қызады деп болжанады", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Қазақстанның солтүстік жартысына қысқа мерзімге температураның жоғарылауы мен жауын-шашынның тоқтатылуынан кейін, Ресейдің Еуропалық территориясының солтүстік аймағынан суық атмосфералық фронт жылжыйды. Онымен алдағы күндері жаңбыр, кей жерлерде қатты, найзағай, екпінді жел және ауа температурасының төмендеуі күтіледі.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная