Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

17 Қыркүйек, 09:15
0
Алдағы күндері ауа райы қандай болады? -

Синоптиктер 2019 жылдың 17-19 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Иран аймағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен республиканың оңтүстігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз термометрдің сынап бағанасы плюс 25-30 градусқа дейін, кей жерлерде плюс 35градусқа дейін жоғарылайды. Оңтүстіктен келетін жылу солтүстік өңірлерге де жетеді", - делінген хабарламада. 

Кей жерлерде жаңбырдың күтілуіне қарамастан, мұнда жылы болады, күндіз ауа температурасы плюс 20-28 градусқа дейін жоғарылайды. Тек батыс облыстарында Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжитын атмосфералық фронттар ауа температурасының төмендеуін туғызады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай