ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қыркүйек 2019 | 13:09
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 2019 жылдың 24-26 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 2019 жылдың 24-26 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Демалыс күндерінде Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында күндізгі температурасы плюс 33-39 градус байқалған аномальді ыстық, суық фронттардың өтуімен қыркүйекке тән ауа райына ауысады. Арктикалық суық фронттардың өтуімен республиканың орталығында және шығысында жаңбыр, күшті екпінді жел және температураның түнде минус 3 градусқа дейін төмендеуі күтіледі", - делінген хабарламада.
Ал батыс және солтүстік облыстарында суық фронттардың ықпалынан жаңбыр және ауа температурасының төмендеуі басталды. Алдағы үш тәулікте мұнда жауын-шашын сақталады, ал түнгі және күндізгі сағаттарда тұман және үсік күтіледі.
Показать комментарии
Читайте также