03 ақпан 2020 13:10

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2020 жылдың 4-6 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2020 жылдың 4-6 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазақстанға жылжып келе жатқан оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттар республикамыздың көптеген облысында қайта жауын-шашын жаңбыр, жылбысқы қар, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қар, бұрқасынмен күшті екпінді жел және көктайғақ туғызады. Жылы ауа массалары ауа температурасының оңтүстік пен батысында айтарлықтай жоғарылауына себеп болды, ал алдағы тәуліктерде температураның жылымыққа дейін көтерілуі Қазақстанның қалған аймақтарында да басталады", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күндізгі температура минус 5 - плюс 5 градусқа дейін, оңтүстік және батыста плюс 3-8 градус, қиыр оңтүстікте плюс 15 градусқа дейін болжанып, орташа көпжылдық мәннен 5-14 градусқа жоғарылауы күтіледі.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram