Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 2020 жылдың ақпанның 11-13 аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2020 жылдың ақпанның 11-13 аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Алдағы үш тәулікте Қазақстан арқылы ығысатын арктикалық суық фронттар қардың жаууын, бұрқасын, күшті солтүстік-батыс желін, оңтүстік облыстарында - жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, тұман және көктайғақ тудыратын болады. Ал фронттардың артынан ығысатын кең алқапты антициклон республиканың солтүстік және батыс облыстарындағы суытудың себебі болды", - делінген хабарламада.
Оның шығысқа қарай ығысуынан Қазақстанның батыс облыстарында да күн суытады. Шығыс пен орталықта түнгі ауа температурасы минус 25-33 градусқа дейін төмендейді. Бірақ осы жылғы өте белсенді Атлантикалық циклондар суықтың ұзақ ұстап тұруына жол бермейді. Кезекті циклонмен 13 ақпанда республиканың батысы мен солтүстігінде ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.