ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 27 наурыз 2020 16:46
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 28-30 наурыз күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.
"Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынады. Солтүстік-шығыста ауа температруасы -2…-17 градус аралығында болады, ал күндіз +1…..+13 градусқа дейін жоғарылайды. Оңтүстікте ауа температурасы 28 градусқа дейін жоғарылайды", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Сондай-ақ, солтүстік, шығыс және оңтүстік шығыс өңірлерде жауын-шашын жауатыны айтылады. Қазақстанның кейбір өңірлерінде тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу