ПОДЕЛИТЬСЯ
24 тамыз 2020 | 11:45
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 25-27 тамыз күндері ауа райы қандай болатынын айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 25-27 тамыз күндері ауа райы қандай болатынын айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы жоғарылайды.
"Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де биік циклонның ықпалында болады, онымен жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша кей жерлерде найзағай, тұман, дауыл күтіледі, жел 15-25 м/с күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін. Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерін қоспағанда, көптеген өңірлерде ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі, онда күндізгі температураның 20-25-ке дейін, кей жерлерде 28-ге дейін төмендеуі болжанады", - деді синоптиктер.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также