24 желтоқсан 2021 | 13:54

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 25, 26, 27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 25, 26, 27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындар өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Осыған орай жауын-шашын, көктайғақ, тұман, жел және бұрқасын болуы мүмкін.

"Батыста ауа температурасы түнде 14-23 градустан 3-13 градусқа дейін, күндіз 13 градус аяз, 3 градус жылы болады. Солтүстік-батыста түнде 17-33 градустан 7-23 градусқа дейін аяз, күндіз 10-25 градустан 2-11 градусқа дейін аяз болады. Солтүстікте ауа температурасы түнде 20-33 градус аязды көрсетеді. Орталықта және шығыста, солтүстік-шығыста түнде 5-15 градустан 10-25 градусқа дейін аяз болады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Оңтүстікте түнде 15 градус аяз, 3 градусқа дейін жылы және 3-20 градусқа дейін аяз, күндіз 8 градус аяз, 12 градус жылы, 10 градус аяздан 3 градусқа дейін жылы, республиканың оңтүстік-шығысында түнде 5 градус аяздан 3 градусқа дейін жылы, 0-8 градус аяз, ал күндіз 2-10 градусқа дейін жылы, 0-10 градусқа дейін аяз болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная