Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет 1, 2 және 3 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, Ақ теңіз аудандарынан келетін солтүстік-батыс циклоны әсерінен батыста, кейін шығыс және республиканың қалған бөліктерінде жауын-шашын болады. Тек Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Батыс және оңтүстік өңірлерде көктайғақ, солтүстік және орталық өңірлерде бұрқасын болады. Елде ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, аяз кетуі мүмкін. 3 қаңтарда еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 18 градус аяз болады, күндіз 8 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада. 

Жарнама
Жарнама

Оңтүстік жартысында түнде 5 градусқа дейін жылы, ал күндіз 13 градусқа дейін көтеріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама