ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қаңтар 2022 | 14:40
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 4-6 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 4-6 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"4 қаңтардан бастап жылу мен ылғал республиканың басым бөлігіндегі ауа райына әсер етеді. Жауын-шашын болып, арты қарлы боранға жалғасады. Сондай-ақ, жел күшейіп, ауа температурасы жоғарылайды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Батыстағы суық антициклон циклонның артқы жағына ауысатыны атап өтіледі, бұл жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.
"Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында термометр түнде 20-25, кей жерлерде 30 градус аязға дейін төмендейді", - деп болжайды синоптиктер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также