ПОДЕЛИТЬСЯ
14 наурыз 2022 | 10:52
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Қазгидромет синоптиктері 15, 16, 17 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет синоптиктері 15, 16, 17 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мамандар алдағы үш тәулікте ел аумағының басым бөлігіне оңтүстік циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің әсері болатынын атап өтті.
"Циклон әсерінен жаңбыр, қар жауып, тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Қазақстанның солтүстігінде ғана солтүстік-батыс антициклоны әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ал түнгі ауа температурасы төмендеп, 17...28 градус аязды көрсетеді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также