ПОДЕЛИТЬСЯ
22 наурыз 2022 | 16:25
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
23-24 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
23-24 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронталды бөліктер өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады. Солтүстік және шығыс өңірлерде қар, республиканың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
23-24 наурызда республиканың батыс өңірлеріне солтүстік-батыс антициклон әсер етеді, сондықтан жауын-шашын жаумайды.
"Республикада тұман түсіп, жел күшейеді. Еліміздің шығысында, солтүстігінде және орталығында түнгі температура 5-13 градустан 10-18 градусқа дейін ауытқиды, күндіз термометр 0-8 градус аяздан аспайды. Республиканың оңтүстік жартысында түнде ауа температурасы 0-8 градус аяз, күндіз 2-10 градус жылы болады", - деді "Қазгидромет" өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также