ПОДЕЛИТЬСЯ
29 наурыз 2023 | 11:55
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 30 наурыз - 1 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 30 наурыз - 1 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжам бойынша, республиканың басым бөлігіне оңтүстік циклон ықпал етеді, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік жартысында жаңбыр, қар жауады. 31 наурыз – 1 сәуірде батыста, 30-31 наурызда шығыс пен оңтүстікте, 30 наурыз – 1 сәуірде республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын, жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын күтіледі.
"31 наурыздан бастап солтүстік-батыс антициклонның кіруіне байланысты елдің солтүстік жартысында жауын-шашын тоқтап, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. Батыста ауа температурасының түнде 2-7 градусқа дейін, күндіз 7-15 градусқа дейін төмендеуі, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында температура фонының түнде 7-13 градус аязға дейін төмендеуі, күндіз 2 градус аязға дейін, шығыста түнде 10-22 градус аяз күтіледі, оңтүстік облыстарда түнде 0-5 градус жылы, күндіз 3-13 градус жылы", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также