ПОДЕЛИТЬСЯ
07 шілде 2023 | 14:16
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер Қазақстанның шығыс жартысында нөсер жауады деп болжап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер Қазақстанның шығыс жартысында нөсер жауады деп болжап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, алдағы тәуліктерде еліміздің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына атмосфералық фронтал бөліктер ықпал етеді.
"Нәтижесінде күн күркіреп, бұршақ жауып, екпінді жел соғады деп күтіледі. 8 шілдеде солтүстік-шығыс пен шығыста, 8-9 шілдеде республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады", - дейді метеорологтар.
Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болатыны атап өтілді.
"Осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Барлық кезеңде батыста, 9-10 шілдеде солтүстік-батыста, 10 шілдеде Қазақстанның орталығында өте қатты ыстық болады - ауа температурасы 43 градусқа дейін жетеді деп күтіледі", - деп қорытындылады ведомство өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также