ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 қаңтар 2025 12:57
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" 16, 17 және 18 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтар мәліметінше, қысқа үзілістен кейін Қазақстан аумағына кезекті Атлантикалық циклон жылжып келеді. Ол өзімен жауын-шашын әкеледі: батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде, ал қалған аймақтарда қар түрінде жауады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында жауын-шашын болуы мүмкін.
"Желдің күшеюі, боран, көктайғақ, кей жерлерде тұман күтіледі. Тек температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді", – деді синоптиктер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу