24 қыркүйек 2021 | 10:59

Алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 25-27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 25-27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Бұған екі циклонның - солтүстік-батыс және оңтүстік, бірігуі ықпал етеді. Жаңбыр жауады: республиканың солтүстік жартысы мен шығысында жаңбыр қарға ауысуы мүмкін. Желдің күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.

"Республиканың батысында ауа температурасы түнде 7-15, күндіз 15-25-тен 10-20 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік-батыста түнде 3 градус аяздан 5, 3-11 градусқа дейін жылы, күндіз 13-23-тен 3-13 градусқа дейін төмендейді. Елдің солтүстігінде және орталығында түнде термометрлер 2-7 аяздан 3-8 градусқа дейін, күндіз 10-20-дан 5-13 градусқа дейін болады деп болжанған. Республиканың шығысында ауа температурасы түнде 5 градус аяз, күндіз 7-17 градус жылы аралығында. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына келсек, түнде 5-15-тен 10-17 градусқа дейін жылы, күндіз 25-32-ден 18-25 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная