ПОДЕЛИТЬСЯ
01 мамыр 2019 | 14:30
Алдағы күндері БҚО-да найзағай ойнап, жел күшейеді
Алдағы күндері Батыс Қазақстан облысындағы өңірлерде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМҚ өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алдағы күндері Батыс Қазақстан облысындағы өңірлерде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМҚ өкілдеріне сілтеме жасап.
"2 және 3 мамырда тәулік бойы Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз 2 мамырда кей жерлерде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.
Ал Оралда күндіз оңтүстік- шығыстан соғатын желдің күші секундына 18 метрге дейін жетеді деп болжанады", - деп ескертті "Қазгидромет" өкілдері.
"Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін. Төтенше жағдайды жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтірілсін, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылсын, күрделенген жағдайда, ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарлансын: 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112", - делінген синоптиктердің хабарламасында.
Показать комментарии
Читайте также