09 шілде 2019 | 09:11

Алдағы күндері елімізде 41 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 9-10 шілде күндері еліміздің бірнеше өңірінде ауа температурасы 40-41 градус болады.

Реклама
Реклама

"9 шілде күндіз Атырау облысында 35-38 градус, 9 шілде күндіз Атырау қаласында 35-37 қатты ыстық, Жамбыл облысында кей жерлерде 39 градус қатты ыстық, 10-11 шілдеде кей жерлерде 41 градусқа дейін ыстық болжанып отыр. Шығыс Қазақстан облысында да 9 шілдеде кей жерлерде қатты ыстық 36 градус ыстық,  найзағай, бұршақ болады деп болжанады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.

Түнде және таңертең 9 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 18 м/с күтіледі.

10 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде, 11 шілдеде басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық болжанады.

9 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз 10-11 шілдеде Актөбе облысының кей жерлерінде, 11 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-41 градус өте қатты ыстық болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная