19 қараша 2018 12:10

Алдағы күндері қар жауып, жел күшейеді

Синоптиктер 2018 жылғы 20-22 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2018 жылғы 20-22 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Атлантикалық циклондармен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аймағы арқылы жылжып, қар жаууды, бұрқасынды және күшті батыс желін тудырады. Сонымен қатар, Каспийдің оңтүстігінен республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарына фронттармен циклон жылжыйды. Оның салдарынан мұнда сулы қар, тұман, көктайғақ және күшті соқпалы жел күтіледі", - дейді мамандар.

Реклама
Реклама

Бұл ретте Қазақстанның бүкіл аймағында ауа температурасы жоғарылап, орташа көпжылдыққа, ал солтүстік облыстарда одан жоғарыға жақын болатыны хабарланып отыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram