"Қазгидромет" синоптиктері 2, 3 және 4 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді
Болжам бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады – найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі.
"2 маусымда Павлодар облысында, 3 маусымда Атырау, Маңғыстау облыстарында, 3-4 маусымда Ақтөбе облысында, 4 маусымда Қостанай облысында нөсер жауып, бұршақ түседі, екпінді жел соғады", - деп хабарлады метеорологтар.
Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста және оңтүстікте шаңды дауыл тұрады деп болжанды.
Температура көрсеткіштері қандай болмақ?
Күндіз ауа температурасы Қазақстанның батысында +23...+28 градусқа дейін көтеріледі, солтүстік-батыста күндіз +13...+26 градусқа дейін төмендейді, солтүстікте +25...+32 градусқа дейін, елдің орталығы мен шығысында +27...+36 градусқа дейін көтеріледі, ал республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +25...+35 градусқа дейін аздап төмендеуі күтіледі.
Қазақстанда 2026 жылдың жазы қандай болады?
Бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы 2026 жылғы жазға арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған болатын. Олардың мәліметінше, аптап ыстық кезеңдермен қатар өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, екпінді жел соғады деп күтілуде. Толығырақ осы жерден оқыңыз.