ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қыркүйек 2019 | 18:14
Алдағы күндері Нұр-Сұлтанда үсік жүреді
Нұр-Сұлтан мен бірнеше облыстарда ауа райының өолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан мен бірнеше облыстарда ауа райының өолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
3 және 4 қыркүйекте түнде елордада жер қыртысында бір градусқа дейін аяз болады.
3 және 4 қыркүйекте Ақмола облысында күн күркірейді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Түнде жер бетінде 1-3 градусқа дейін аяз болады.
3 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысында да топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.
3 қыркүйекте Қостанай облысында таңертең және күндіз кей жерлерде күн күркірейді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Показать комментарии
Читайте также