30 сәуір 2021 09:23

Алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады?

Фото: pixabay

"Қазгидромет" синоптиктері 1-3 мамырда мереке күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Синоптиктер мәліметі бойынша, елімізде 38 градусқа дейінгі аптап ыстық күтіледі , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" мәліметіне сүйенсек, сәуірдің соңғы күндері антициклон әсерінен Қазақстанда ауа температурасы төмендейді. Алайда 2 мамырда күн жылиды. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 28-36 градусқа дейін, солтүстік өңірлерде 15-23 градусқа дейін көтеріледі. 

"Бірақ циклондар әсерінен 1 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай соғып, желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

2 мамырдан бастап батыс аймақтарға солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Олар солтүстікке жылжып, осы аудандарда жаңбыр жауады", - дейді синоптиктер.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram