23 мамыр 2020 | 17:47

Алдағы уақытта елімізде аптап болады

Қазақстанның бірнеше облысында аптап болады, осыған байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Казгидромет РМК орталығына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның бірнеше облысында аптап болады, осыған байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Казгидромет РМК орталығына сілтеме жасап. 

25-26 мамырда Павлодар облысында 35-38 градус ыстық болады. Павлодар қаласында осы күндері күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа жетеді.

Реклама
Реклама

24 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Ақтауда 24 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 25-26 мамыр күндері облыста 42 градус ыстық болады деген болжам бар.

Қызылорда облысында 24-26 мамыр күндері 40-43 градус ыстық болады, кей жерлерде шаңды дауыл сақталады. 24 мамырда облыстың басым бөлігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде 23-28 метрге жетеді.

24-25 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде шығыс желі сақталады, екпіні секундына 23 метрге жетеді. 24-25 мамыр күндері батыста 40 градус ыстық болады. 24-25 мамыр аралығында Түркістанда жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. 24-25 мамырда 40 градус ыстық болады.

Сонымен қатар, "Қазгидромет" РМК болжамын негізгі ала отырып, Алматы облыстық ТЖД 25-26 мамыр күндері аймақта 37 градусқа дейін ыстық болады деп ескертті және тұрғындарға үйде қалуды ұсынды. Сондай-ақ, қатты ыстық кезде табиғи өрт пайда болу қаупі артатынын ескертті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная