Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қалай өзгереді?

Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қалай өзгереді? Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматы бойынша алдағы үш күнге - 29, 30 сәуір және 1 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматы бойынша алдағы үш күнге - 29, 30 сәуір және 1 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

13 мамырда күн құбылмалы болады, кей кездері жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14, екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +14...+16 градус болады.

Жарнама
Жарнама

14 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +3...+5 градус, күндіз +18...+20 градус болады.

15 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6 градус, күндіз +23...+25 градус болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

13 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +17...+19 градус болады.

14-15 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +7...+9 градус, күндіз +19...+21 градус болады.

Антициклон Қазақстанға суық ауа райын әкелді

Синоптиктердің мәліметінше, Скандинавия аймақтарынан келген антициклон Қазақстанға суық ауа райы әкелді. Солтүстік, шығыс және орталық облыстарда түнде ауа температурасы нөлден төмен болады деп күтіледі.

Антициклонның жылжуына қарай 13 мамырда Қазақстанның оңтүстік-шығысында да түнде үсік жүруі мүмкін.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама