05 мамыр 2021 16:16

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Қазақстанда жаңбыр жауып, үсік жүреді. "Қазгидромет" синоптиктері 6-8 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жаңбыр жауып, үсік жүреді. "Қазгидромет" синоптиктері 6-8 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтар мәліметі бойынша, атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

"Қазақстан аумағына батыс антициклонның келуіне байланысты ауа температурасы төмендейді, елдің солтүстігінде түнде 3 градусқа дейін, күндіз 15-20 градусқа дейін ыстық болады. Республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, күндізгі температураның 20-25 градусқа дейін төмендеуіне ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер Қазақстанның жеті аймағында ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жариялаған болатын. 5 мамырда елімізде жел, найзағай және құмды дауыл күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram