ПОДЕЛИТЬСЯ
31 мамыр 2021 | 14:52
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 1-3 маусымға араналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 1-3 маусымға араналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, республиканың басым бөлігінде ауқымды циклон әсерінен тұрақсыз ауа райы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
"2 маусымда батыста, 3 маусымда солтүстікте қатты жаңбыр жауып, бұршақ және жел екпінінің күшеюі күтіледі. Республиканың солтүстік жартысында ғана Солтүстік-Батыс антициклон сілемімен түнде 11-16, кей жерлерде 8, күндіз 21-26, кей жерлерде 18 градус жылы болады деп болжанды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 31 мамырда Қазақстанның 10 өңірінде ескерту жарияланғанын хабарлаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также