ПОДЕЛИТЬСЯ
13 сәуір 2022 | 13:46
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" синоптиктері 14, 15 және 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" синоптиктері 14, 15 және 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжам бойынша, республика арқылы өтетін циклон әсерінен ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.
Республиканың біраз өңірінде тұман, батыста шаңды дауыл болады. Тек республиканың солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Елдің солтүстігінде күндіз ауа температурасы 13-18 градустан 20-25 градусқа дейін жылы болады, орталықта 17-22 градус жылы, оңтүстікте 20-25 градус жылы болады деп күтіліп отыр. Шығыста - 12-20 градус жылы болады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также