ПОДЕЛИТЬСЯ
25 мамыр 2022 | 13:03
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Қазгидромет Қазақстандағы 26, 27 және 28 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет Қазақстандағы 26, 27 және 28 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Екатеринбург аймағынан шыққан Циклон, республика аумағы бойынша солтүстік-шығысқа қарай жылжуын жалғастырады және елдің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында тұрақсыз ауа райын сақтайды. Солайша жаңбыр жауады: 26 мамырда солтүстік-батыста, 27-28 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста, 28 мамырда орталықта, сонымен қатар бұл аймақта найзағай мен желдің күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін. Содан кейін солтүстік-батыс антициклонның басып кіруіне байланысты, батыста жауын-шашынның тоқтауы, қалған аумақтарда ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
26 мамырда түнде және таңертең батыста, 27-28 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также