ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қыркүйек 2022 | 12:45
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс суық антициклон Қазақстанның солтүстік жартысына ықпалын жалғастырады.
"Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады. Шығыс пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады", - делінген хабарламада.
Елдің басым бөлігінде жел күшейеді деп болжанып отыр.
" 15-16 қыркүйекте солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста жел күшейеді, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда 5 градусқа дейін аяз күтіледі", - деп толықтырды "Қазгидромет" РМК.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также