Алдағы үш күнде ауа райы қандай болатыны айтылды

Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

"Қазгидромет" синоптиктері 18-20 наурыз аралығына ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері 18-20 наурыз аралығына ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтардың айтуынша, Қазақстан аумағына ауысатын Қара теңіз циклоны жақын күндері республиканың барлық өңірлерін қамтиды.

"Бұл бұлтты құйын жаңбыр мен қар, қатты жел, мұз құбылыстары мен тұман әкеледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Синоптиктердің болжамынша, 17 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы антициклонға байланысты жауын-шашынсыз болады. Тек батыста және оңтүстік-батыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама