27 тамыз 2024 | 15:26

Алдағы үш күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күндері Алматы мен Астанада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күндері Алматы мен Астанада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

Қазгидрометтің мәліметінше, 28 тамызда елордада жауын-шашынсыз бұлтты болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 19-21 жылы.

Реклама
Реклама

29 тамызда жауын-шашынсыз көшпелі бұлттылық күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 20-22 жылы.

30 тамызда көшпелі бұлт, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 19-21 жылы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

28 тамызда көшпелі бұлт болады, күннің соңында қысқа жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр, найзағай кезінде екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 жылы.

29 тамызда көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 3-8 метр, найзағай кезінде екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 22-24 жылы.

30 тамызда жауын-шашынсыз көшпелі бұлттылық күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 24-26 жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная