ПОДЕЛИТЬСЯ
06 ақпан 2023 | 11:31
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет 7-9 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет 7-9 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігіне Жерорта теңізінен келетін циклон әсер етіп, қалың қар жауады. 9 ақпанда елдің шығысында қалың қар, оңтүстікте қар аралас жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ республиканың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман, оңтүстік-батыста көктайғақ болады.
"Еуропа аймақтарынан келетін антициклонның әсерінен ауа температурасы түнде батыста және шығыста 13-21, солтүстікте 20-28, орталықта 15-26 аязға дейін төмендейді. Күндіз батыста 7-12, солтүстікте 15-20, шығыста және орталықта 10-18 аязға дейін", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также