ПОДЕЛИТЬСЯ
20 ақпан 2023 | 11:24
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 21-23 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 21-23 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері Қазақстандағы ауа-райын үлкен қоры бар белсенді Атлантикалық циклон анықтайтын болады, соған байланысты республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын, қар және жаңбыр түрінде, көктайғақ құбылыстары, тұман, екпінді жел болжанады. Күндіз ҚР оңтүстігінде найзағай күтіледі.
"Республиканың батысында ауа температурасы түнде 0-8-ден 7-15-ке дейін төмендеуі күтіледі, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында 5-15 аяздан 0-8 аязға дейін жоғарылайды, орталығында 2-15 аяздан 3 аяз-3 жылыға дейін ауытқиды, республиканың оңтүстік жартысында түнде 3 аяз-3 жылы күтіледі", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также