ПОДЕЛИТЬСЯ
24 ақпан 2023 | 11:59
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазгидромет мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел, солтүстікте қарлы боран, оңтүстік облыстарда көктайғақ күтіледі.
Тек Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытау және Қызылорда облыстарында жоғары атмосфералық қысым ықпалында алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Қазақстан Республикасының батысында, солтүстік-батысында ауа температурасының жоғарылауы, қалған аумақтарда төмендеуі күтіледі, бірақ қатты аяз күтілмейді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также