ПОДЕЛИТЬСЯ
20 желтоқсан 2021 | 10:24
Алексей Цой қызметтен кетуіне байланысты мәлімдеме жасады
Алексей Цой қызметтен кетуіне байланысты мәлімдеме жасады. Цой Facebook-парақшасында жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алексей Цой қызметтен кетуіне байланысты мәлімдеме жасады. Цой Facebook-парақшасында жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Құрметті достар, әріптестер! Бүгін менің азаматтық секторға көшу және ғылым мен әлеуметтік бастамалар арқылы денсаулық сақтауды дамыту туралы шешімімді қолдады.
Мемлекет басшысы COVID-19 бойынша жағдайды тұрақтандыруды, Денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін арттыруды тапсырды. Біз эпидемиологиялық қауіп-қатерге ден қою үшін жағдай жасадық: әр өңірде жаңа инфекциялық ауруханалар салынды, жедел жәрдем паркі ашылды, жасанды тыныс алу аппараттары, ауылдағы жылжымалы медициналық кешендер жаңартылды, отандық фармацевтика өнеркәсібі өнімділік өскенін көрсетеді, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қажетті қоры жасалды, СЭС пен зертханалық қызметтің әлеуеті артты, QazVac вакцинасы шығарылды және т.б.
Қысқа уақыт ішінде ғана денсаулық сақтау саласы нығайды, біз жүйелі негізде медицина қызметкерлерінің жалақысын көтердік, ҚАЖК медициналық қызметін денсаулық сақтау, фармацевтика өнеркәсібі, биологиялық қауіпсіздік министрлігіне беру, медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру және басқа да көп заң жобасын әзірледік.
"Дені сау ұлт" ұлттық жобасы бекітілді, ДДСҰ, ЮНИСЕФ және БҰҰ-ның басқа да агенттіктерімен өнімді әріптестік жолға қойылды, денсаулық сақтауды цифрландыру бойынша жобалар іске қосылды. Бұл әріптестермен бірге жақсы нәтижелерге қолжеткізген бірнеше бағыт.
Ел басшылығына, Президент Әкімшілігіне, премьер-министрге, Үкімет бойынша әріптестеріме, Денсаулық сақтау министрлігіне, барлық жергілікті атқарушы органға, азаматтық секторға, БАҚ-қа, еріктілерге, үкіметтік емес ұйымдарға және қымбатты медицина қызметкерлеріне сенім білдіргені және Қазақстан халқының игілігі үшін бірлесіп атқарған орасан зор жұмысы үшін алғысымды білдіремін.
Жақын арада еңбек жолының жаңа векторын анықтаймыз. Алда жаңа жобалар күтіп тұр.
Баршаңызға жақсылық, мықты денсаулық және жағымды көңіл-күй тілеймін", - деді Цой
Бұған дейін Мемлекет басшысының жарлығы бойынша Алексей Цой Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылғаны хабарланған болатын.
Айта кетейік, Қазақстанның денсаулық сақтау министрі қызметіне Алексей Цой былтыр, 2020 жылдың маусымында тағайындалған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также