30 шілде 2020 | 17:39

Алексей Цой маска тағу бойынша бұйрыққа қол қойды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды қоғамдық орындарда қорғаныш маскаларын тағуды міндеттейтін бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды қоғамдық орындарда қорғаныш маскаларын тағуды міндеттейтін бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Норма "Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрыққа енді.

Реклама
Реклама

"Санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілетін жерлерде және (немесе) объектілерде COVID-19 таралуын болдырмау үшін:

COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары адамдар тобын анықтау; Қорғаныш құралдары мен антисептик қолдануға, соның ішінде, ашық жерлерде де (көшеде, үйден тыс жерде) маска тағу; Байланыссыз термометрияны қолдану; Адамдардың әлеуметтік қашықтықты сақтауы; Нысандардың ауасын тазартып тұру; Стационарлардың жұмысы; Ба смемлекеттік санитар дәрігерлер қабылдаған санитарлық ереже мен талаптардың қатаң сақталуы; Денсаулық сақтау мекемелерінде COVID-19-дан бөлек ауру расталған науқастарға орын бөлу; Денсаулық сақтау мекемелерінде COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болмауы үшін орын бөлу", - делінген бұйрықта. 

Еске салайық, бүгін Қазақстанда көшеде маска тағу міндеттелгені хабарланды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная