16 наурыз 2021 10:46

Алексей Цой вакцинацияға қатысты мәлімдеме жасады

Фото ©РИА Новости

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда қанша адам вакцина салдырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда қанша адам вакцина салдырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта вакцинация жүргізу үшін 347 егу пункті жұмыс істеп тұр. Бүгінге дейін 76 188 адам екпе салдырды. 

2021 жылдың сәуірінен бастап вакцина дозасы 180 000 болады деген болжам бар. Сондай-ақ, сәуірден бастап халықтың осал топтарын (созылмалы аурулары бар адамдарды, 65 жастан асқан адамдарды) вакцинациялау жоспарланды.

Реклама
Реклама

Вакцина көлемінің ай сайын ұлғаюын ескере отырып, аумақ әкімдері вакцинаны сақтау және тасымалдау шарттарын сақтап, қосымша егу кабинеттеріне таратып, халықты вакцинациялауды даярланған мамандармен қамтамасыз етуі қажет.

Халықты коронавирус инфекциясына қарсы профилактикалық екпелермен қамту иммунитетті қалыптастыруға және инфекцияның таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Қазақстанда вакцина өндірушілермен жүргізілген келіссөздерді ескере отырып, биыл шамамен 12 миллион доза вакцина алу жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram