20 мамыр 2021 | 16:44

"Әлем аруы" байқауына қатысқан қазақстандық "шенеуніктің туысы" деген ақпаратқа жауап берді

Камилла Серікбай. Фото: ұйымдастырушылардан

"Әлем Аруы" байқауында Қазақстанның атынан шыққан "Қызылорда Аруы 2019" Камилла Серікбай экс-әкімнің немересі және жоғары шенді шенеуніктің қызы деген ақпаратқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Әлем Аруы" байқауында Қазақстанның атынан шыққан "Қызылорда Аруы 2019" Камилла Серікбай экс-әкімнің немересі және жоғары шенді шенеуніктің қызы деген ақпаратқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Камилла Серікбай өзінің де, отбасының да шенеунікке қатысы жоғын айтты. 

"Мен, Камилла Серікбай Қызылорда облысының экс-әкімінің немересі және жоғары шенді шенеуніктің қызы деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Мен және менің отбасымның Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлымен ешқандай байланысы да, таныстығы да жоқ. 

Менің әкем - Ерлан Ахметов Серікбайұлы (Қызылорда облысындағы мұнай саласында жұмыс істейді), анам - Эльмира Әбитова, үй шаруасындағы әйел. Үйде үш баламыз - мен және екі сіңлім бар. Туыстарымның арасында шенеуніктер жоқ", - деді қызылордалық. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, жалған ақпарат koyanbayev_qulagi атты Telegram-арнасында тарап кеткен. 

Айта кетейік, былтыр коронавирус пандемиясына байланысты "Әлем аруы" байқауы кейінге қалған болатын. Биыл ол Американың Холливуд қаласында офлайн форматта өтті. Биыл 26 жастағы мексикалық Андреа Меза (Andrea Meza) "Әлем аруы" атағын жеңіп алған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная