24 мамыр 2024 18:04

Әлем чемпионатына іріктеу турнирінің ашылу рәсімі өтті

Қаладағы Ұлттық теннис орталығында жастар арасындағы әлем чемпионатына іріктеу бойынша Дэвис кубогы кезеңінің ұлдар арасындағы сайыстың ашылу рәсімі өтті. Junior Davis Cup Азия/Океания аймағының іріктеу сайысына 16 жасқа дейінгі аталған аймақтың ең мықты жасөспірімдері бақ сынайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаладағы Ұлттық теннис орталығында жастар арасындағы әлем чемпионатына іріктеу бойынша Дэвис кубогы кезеңінің ұлдар арасындағы сайыстың ашылу рәсімі өтті. Junior Davis Cup Азия/Океания аймағының іріктеу сайысына 16 жасқа дейінгі аталған аймақтың ең мықты жасөспірімдері бақ сынайды.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Қазақстан Республикасының Теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев іс-шарада барша қатысушыларға сәттілік тілеп, сайыстың маңызы жоғары екенін атап өтті.

"Шымкент қаласына қош келдіңіздер. Әлем чемпионатына іріктеу сайысы биыл қаламызда екінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл – бізге артылған зор сенім. Шаһарда үлкен теннис спортын дамытуда жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Осы орайда халықаралық теннис федерациясына, Қазақстан Республикасының Теннис федерациясына және демеушілерге алғысымды білдіремін!", – деді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.

Реклама
Реклама

Қазақстан Республикасының Теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев барша ұйымдастырушыларға рақметін жеткізді.

Теннистен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына іріктеу Шымкент қаласында екінші рет өтіп жатыр. Жасөспірім ұлдар арасындағы іріктеу сайысына Қазақстан, Аустралия, Қытай, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Жапония, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Таиланд, Вьетнам командалары қатысып жатыр.

Аталған турнирде Алматы және Шымкент қаласы, Түркістан облысының спортшылары ел намысын қорғайды.

Шымкент қаласының ІСБ ұсынған материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram