25 қыркүйек 2020 | 17:15

Әлемде коронавирусқа қарсы 300-ге жуық вакцина дайындалып жатыр

Фото:elements.envato.com

Әлемде коронавирусқа қарсы 300-ге жуық вакцина дайындалып жатыр, - деп хабарлайды "Хабар24".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлемде коронавирусқа қарсы 300-ге жуық вакцина дайындалып жатыр, - деп хабарлайды "Хабар24".

Дереккөз мәліметінше, олардың он шақтысы клиникалық сынақтың үшінші кезеңіне көшкен. Бірқатар компания екпе келер жылдың басында дайын болатынын мәлімдеді. Соның бірі - қытайлық Sinovac.

Реклама
Реклама

"Біз әлем болып індетті тездетіп жеңіп шығуды қалаймыз. Вакцинамызды барлық елдің бақылаушы органы тіркеуінен өткізуге ниеттіміз. Бірақ оған 10 жылдай уақыт кететін шығар. Өзге де компаниялар осындай қиындыққа тап болуы мүмкін. Осы істі тездету үшін әр елді өз мәліметтерімен алмасуға шақырамын", - дейді Sinovac фармацевтикалық компаниясының бас директоры Инь Вэйдун.

Ал америкалық Johnson & Johnson компаниясы сынақтың үшінші кезеңін бастады. 60 мың адам тәжірибеге қатысуға ерік білдірген. Оның нәтижесі жыл соңына дейін белгілі болуы тиіс.

"Бұл вакцианның ерекшелігі өзге компаниялар екпесі сияқты 2 доза емес науқасқа 1 доза қолданылады. Яғни миллиондаған адамды егуде өте қолайлы болмақ. Берлиндегі «Шарите» клиникасы коронавирусқа қарсы тиімділігі жоғары антиденені тауып, пассивті яғни қысқа мерзімді вакцина шығармақ. Тәжірибе әзірге тек тышқандарға жасалған. Енді клиникалық сынаққа көшеді. Екпенің ерекшелігі адам ағзасында коронавирусқа қарсы иммунитетті тез қалыптастырады", - дейді Webmd бірлестігінің бас дәрігері Джон Уит.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная